A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы әкім аппаратының қызметшілері арасында құқықтық семинар

Медеу ауданы әкім аппаратының қызметшілері арасында құқықтық семинар

         2017 жылдың 14 тамызында Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында құқықтық білім мектептерінің 2017 жылға арналған Жоспарына сәйкес аппарат қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңы және Ата заң «Қазақстан Республикасының Конституциясы» бойынша құқықтық семинар өткізілді.

         Шара барысында Медеу ауданы аумақтық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Ерманова аппарат қызметшілеріне аталған Заңда Мемлекеттік рәміздер - Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн болып бекітілгендігі туралы атап өтіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 2 қазанында № 873 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Ту, Елтаңба мен олардың сипаттамалары, сонымен қатар орналасуы туралы Ережесі бойынша түсініктемелер берді.

         Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы А.ТажиеваҚазақстан Респуликасының «Конституциясы» бойынша түсініктемелер беріп, Еліміздің Ата заңы-Конституцияға 2017 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды атап өтіп, сонымен қатар бұл жаңалықтар билік тармақтары арасындағы қатынастарды конституциялық деңгейде теңдестіру міндеттерін шешетіні туралы айтты.

Семинар соңында аппарат қызметшілері тарапынан туындаған сұрақтарға, аталған заңнамаларға сәйкес тиісті жауаптар берді.

14.08.2017