A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауданда әкімнің есеп беру кездесуі жалғасуда

Ауданда әкімнің есеп беру кездесуі жалғасуда

      2018 жылы 29 қаңтарда Қазақ мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың аудан тұрғындарына есеп беру кездесуі жалғасын тапты.

    Есептік кездесу жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, білім беру, денсаулық сақтау салалары, қалалық және аудандық қызметтер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен тұрғындар қатысты.

    Кездесу барысында аудан әкімі Е.Жылқыбаев «2017 жылдағы Медеу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2018 жылдың даму перспективалары туралы» баяндамасымен халық алдына шықты.    

    Ары қарай, өткізу тәртібіне сәйкес тұрғындардан ескертпелер мен ұсыныстар қабылданып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді.   

 

   Жиында әлеуметтік сипаттағы сұрақтар түсті, олар: жаяу жүргіншілер жолын салу, газдандыру, көшені жарықтандыру, кәріздер желісі, жолаушылар маршруты және тағы басқалар.

  Есептік кездесуге тұрғындар белсене қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарға алғыстарын да білдірді.

29.01.2018