A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Кезекті көшпелі «Ашық есік күндері» өтті

Кезекті көшпелі «Ашық есік күндері» өтті

Бекітілген кестеге сәйкес Алатау ықшам ауданында кезекті «Ашық есік күнін» өткіздік. Ауданымыздың ең белсенді тұрғындары шоғырланған Алатау ықшам ауданында соңғы екі айда бірнеше кездесулер ұйымдастырған болатынбыз. Бұл жолы тұрғындар қалалық басқармалар өкілдеріне өз өтініштері мен шағымдарын айтып, жеткізді. Атап айтқанда, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу және т.б.

   Жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, біздің тарапымыздан субұрқақ пен Даңқ ескерткішін қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ жақын арада Алатауға кіре беріс жерінде Үлкен Алматы каналымен қиылысында бағдаршам орнатылмақ.


Барлық көтерілген мәселелерді жауапты құрылымдармен толық қарап шығып, тиісті шаралар қолданып, 20 қыркүйекте осында қайта кездесу өткіземіз. Ал, 25-27 қыркүйек аралығында 2 саябақ ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, осы күні Алатау тұрығындары «Денсаулық жолы - 2019» Ұлттық бағдарлама аясында медициналық тексеруден өтті.

06.08.2019