A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

2018 жылдың 3 тамызы күні Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын түсіндіру бойынша жиын өткізілді. Жиынға қатысқандар: Жоғары оқу орындары, бизнес, аудандық медициналық ұйымдар, жеке бала-бақшалар өкілдері.

Қазіргі таңда, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдармен бірлесіп, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Бағдарламаның басты мақсаты – өнімсіз жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету және күшеюіне жол бермеу.

Бүгінде жұмыссыздық деңгейін қысқарту және халықтың экономикалық деңгейін көтеру болып табылады. Сондай - ақ, өнімсіз жұмыспен қамту, өзін – өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі әлі сақталып тұрғаны қапаландырады.

Осыған орай, нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші міндеті – сұранысқа ие кәсіби білікті, дағдыны игерудің тиімді жүйесін құру, жұмыс берушілердің сұранысын ескере отырып мамандар даярлау.

Бағдарламаның басты мақсаты – өнімсіз жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету. Оқу орындарына түсе алмаған 9-11 сыныптардың түлектеріне дағды жинап, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті болуы үшін тегін қолдау көрсетілетін болады.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып саналады. Мемлекеттік қызметті «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і көрсетеді. Жұмыс іздеу мен қызметкерді іріктеу бойынша интернет-ресурс базасында (enbek.kz) еңбек нарығындағы бірыңғай сандық алаңды құру жұмыстары жүріп жатыр.

03.08.2018