A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Наурыз мерекесіне шақырамыз

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Биылғы жылы Алматы қаласы Медеу ауданының жұртшылығы мен қонақтарына арналған Наурыз мерекесі Абай даңғылы, 5 мекен-жайы бойынша орналасқан  Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында 22 наурыз күні сағат 10.00-16.00 аралығында өтеді.

Ұлыстың Ұлы күніне орай өткізілетін мерекелік іс-шара аясында мереке қонақтарына арнап 15 қазақ үйден құралған қазақ ауылы бой көтеріп, тұрғындарға наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық ас мәзірлері таратылады, сондай-ақ  қолөнер шеберлерінің көрмесі, балалар және спорт алаңдары, мерекелік сауда қатарлары жұмыс істейді.     

 Сонымен қатар, мерекелік іс-шара қонақтарына                               «Төрлет, төріме, әз-Наурыз!» атты мерекелік концерт ұсынылады.

Мерекелік іс-шара бағдарламасы:

1. «Отырар сазы», Н.Тілендиев атындағы – Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің мерекелік концерті.

2. «Наурызнама» атты театрландырылған қойылым;

3. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт;
4. Медеу ауданының шағармашылық ұжымдарының мерекелік концерті;

5.Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар («қазақша күрес», «асық ату», «арқан тартыс», «қол күрес», «ләңгі» және т.б.);

6. Үздік қазақ үй байқауы;

7. Көшпелі хайуанаттар саябағы.

8. Мерекелік іс-шара қонақтарына ұлттық ас мәзірлерін тарату.

Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға жиналатын халықтың болжамды саны – 5000 адам.

Аудан тұрғындары мен қонақтарды мерекелік іс-шараға қатысуға шақырамыз.


17.03.2017