A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

2017 жылдың 25 шілдесінде «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында мәслихат депутаты, «Атрикс Строй» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әміржан Нәбиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Депутат қабылдауында 3 азамат болып, өз мәселелерін айтты.

Өтініш берушілердің бірі жалғыз басты ана Сабырбаева Ақжарқын мүгедек баласымен ескі пәтерде тұратынын жеткізіп, жөндеу жұмыстарына қолдау көрсетуді сұрады. Аталған мәселе бойынша депутат жақын арада көмек көрсетілетінін айты.

Сонымен қатар, мүгедек қызы бар Жайылмысовтар отбасы пәтерге кезекте тұрғанын және ол өте баяу жылжып жатқанын жеткізді. Өз кезегінде депутат бұл мәселеге қатысты жан-жақты түсіндірме беріп және де «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар екенін айтып өтті.

 

26.07.2017