A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Баспасөз баяны

Баспасөз баяны

Өткізу орны: 0111 әскери бөлімі аумағында

(Достық даңғылы,  117/6).

Өткізу уақыты:сағ.11.30-13.00, 2017 жыл 6 мамыр

 

2017 жылы 6 мамырда «Осындай Отанды қорғау мамандығы бар!»атты Отанды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді. Шараны ұйымдастырушы – Медеу ауданы әкімінің аппараты болып табылады.

Шара Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл және 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 72 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.  

Шараға Медеу ауданы әкімі аппаратының өкілдері, ауданның ардагерлер ұйымының төрағалары, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Шара аясында қонақтар мен қатысушылар қазақ эстрадасы жұлдыздары және ауданның шығармашылық ұжымдарының  қатысуымен концерттік бағдарлама тамашалап, сондай-ақ 0111 әскери бөлімінің әскери техникасы мен қарулануын көруге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, шара барысында 0111 әскери бөлімінің жеке құрамының салтанатты маршы өтеді.

Жоспарланған қонақтар саны – 500 адам.

 

 

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін осы аталған шараға шақырамыз.

Байланыс телефондары:

Сәкен Жаббарұлы Аралбаев: 291- 64-34, 87073581822.

Айдар Еркінұлы Айдарбеков:87473265736

Мекен-жайы: Алматы қаласы Медеу ауданы, Достық даңғылы, 117
05.05.2017