A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы Астана күнін атап өтті

Медеу ауданы Астана күнін атап өтті

Астана күні – Қазақстан халқы үшін тарихи танымдық маңызы бар және тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктерінің айқын нышаны болып табылады.

Қазақстандықтар үшін ортақ мерекені ағымдағы жылдың 6 шілдесі күні Медеу ауданының тұрғындары да жақсы көңіл-күймен атап өтті. Алдымен аудан тұрғындары мен қонақтары Орталық мәдениет және демалыс саябағында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген «Нұр-Сұлтан ұлы дала ордасы» атты мерекелік концертті тамашалады.

Мерекелік іс-шараға Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары, балалар шығармашылық ұжымдары және басқа да өнер майталмандары қатысып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.     

Сонымен қатар, мереке аясында жасөспірімдер арасында асфальтке сурет салу бойынша байқау және «Алатау» ықшам ауданының балаларына тегін аттракциондар мен хайуанаттар саябағына экскурсия ұйымдастырылды.

06.07.2019