A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданының тұрғындары Астана күнін кең ауқымда атап өтті

Медеу ауданының тұрғындары Астана күнін кең ауқымда атап өтті

Астана күні – Қазақстан халқы үшін тарихи танымдық маңызы бар және тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктерінің айқын нышаны болып табылады.

Осынау күллі қазақстандықтар үшін ортақ мерекені 6 шілде күні Медеу ауданының тұрғындары да шат-шадыман көңіл-күймен атап өтті. Алдымен аудан тұрғындары мен қонақтары Орталық мәдениет және демалыс саябағында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» атты мерекелік концертті тамашалады.

Мерекелік іс-шараға Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары, балалар шығармашылық ұжымдары және басқа да өнер майталмандары қатысып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.     

Сонымен қатар, мереке аясында жасөспірім алматылықтар арасында асфальтке сурет салу бойынша «Астана-Алматы пойызы» байқауы және басқа да бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Ал кешке, аудан тұрғындары Республика Сарайының алдындағы алаңда өткен қалалық мерекелік концертке қатысты.  


06.07.2016