A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейіндегі «Наурыз мейрамы»

М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейіндегі

«Наурыз мейрамы»

     Наурыз мерекесін Қазақстанның барлық халықтары – өзара тату және бір-бірімен келісімде өмір сүріп, гүлденген мемлекет құруға өз үлестеріп қосып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бірдей тойлайды.

      «Ұлыстың Ұлы күні» әрдайым ауқымы кең, ұланасыр той болып атап өтіледі. 2017 жылы 20 наурызында мектептегі «Наурыз мейрамы» Қазақстан халықтарының фестивалі түрінде өтті. Мерекеге Медеу ауданындағы этномәдени бірлестіктердің, «Нұр Отан» партиясының және Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің өкілдері шақырылды.

       Әрбір сынып оларға өздері таңдап алған мәдени орталықты таныстырды. Оқушылар ұлттық салт-дәстүр үлгілерін, халықтық ғұрыптарды, ұлттық киімін, тағамдарын көрсетіп, әндерін шырқады.

       «Наурыз» – көктем мен тазарудың, мейірімнің мерекесі. «Наурыз» мейрамы адамдардың теңдігін, еркіндікті, демократияны, үлкендерге құрметті, кішіге ізетті дәріптейді. Бұл күні кез келген қонақты құшақ жая қарсы алады. Қазақтар бағзы заманнан қонақжайлылығымен даңқы шыққан халық. Олар қонағына бар дәмдісін ұсынып, төріне шығарады. Наурызда әрбір үйде  «Наурыз – көже» деп аталатын арнайы дәм дайындалады, бір-біріне қонаққа барады, сый-сияпат жасайды.

       Мерекеде барлық мәдени орталықтар әсем әрі тартымды көрініс сыйлады.

       Шара өте жоғары деңгейде өтті. 



29.03.2017