A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Төле би көшесінің күні өтті

Төле би көшесінің күні өтті

2017 жылдың 7 қазаны Медеу ауданы әкімінің аппараты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет алдындағы алаңда (Достық даңғылы, 13) "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасын іске асырудың аясында Төле би көшесінің күнін өткізді.

Шараны өткізудегі негізгі мақсат – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген ұлттық жаңғыру жолындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру, аудан жастарын рухани-адамгершілік және патриоттық бағытта тәрбиелеу, әрбір тұрғынға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, сондай-ақ көше тұрғындары арасындағы бірлікті нығайту болып табылады.

Мерекелік іс-шара аясында «Балалар кітабының әлемі», «Қала көшелерімен көрікті», «Балалар әлемінің елшісі», «Жастар кітап оқуды таңдайды», «Төле би көшесінің тарихи беттері», «Қол өнер шеберлері бұйымдарының көрмесі» тақырыптарындағы шатырлар жұмыс істейді, сондай-ақ кітап көрмелері, фото көрмелер, шеберлік сыныптары, Төле би көшесінің тарихының көрмесі, ұлттық және халықтық спорт түрлерінен спорттық ойындар ұйымдастырылды.                    

Сонымен қоса, мерекелік іс-шара қонақтары аудандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт пен                       Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Базарың тарқамасын» атты атақты қоянды жермеңкесіне арналған музыкалық драманың қойылымын тамашалай алды.   

09.10.2017