A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰОС ардагерлеріне арналған мерекелік түскі ас

1945 жылдың 9 мамыры тарихта мәңгі есте қалатын  бейбітшілік  күні, ұлттар мен халықтардың азаттық пен тәуелсіздік мерекесі. Бұл соғыста Жеңіске жетуде  Қазақстан елеулі орын алды. Жүз мыңнан астам жерлестеріміз орден және медальдармен марапатталып, бес жүз қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағына ие болған.

2017 жылдың 4 мамыр күні «Достық» мейрамханасында 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  72 жылдығына орай,  Медеу ауданы әкімі аппараты  29 округ бойынша  маслихат депутатының демеушілігімен қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған ҰОС ардагерлеріне мерекелік түскі ас берді. № 5 калалық клиникалық аурухана қызметкерлерімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында № 5 ҚКА бас дәрігері Б.Н.Садықов Ұлы Отан соғысы ардагерлерін келе жаткан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, баға жетпес  еңбегі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.А.Майлыбаев аудан әкімінің атынан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне шын жүректен алғысын білдірді

Осы мереке аясында ауданымыздың 80 ардагерлері мен тыл ардагерлеріне  құрмет көрсетіліп, Жеңіс күнімен құттықтады.



05.05.2017