A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты салтанатты іс-шара

 2017 жылдың 4 наурызындаАлматы қаласыМедеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай  «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шараға көп балалы аналар, соғыс және еңбек ардагерлерінің жұбайлары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері,    соғысқа қатысушылардың жесірлері, білім беру, мәдениет,       денсаулық сақтау ұйымдарының, өнеркәсіп кәсіпорындарының әйел басшылары,  1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан әйел       азаматшалар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ     ел экономикасының түрлі салаларының дамуына елеулі үлес      қосқан 700-ге жуық аяулы жандар шақырылды.

Мерекелік іс-шара аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері мен мұғалімдерінің    8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған көркемөнер көрмелері, ұйымдастырылып, нәзік жандыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Жылқыбаев Ержан Жұматұлы әйел азаматшаларды төл мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған  бірқатар көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.  

04.03.2017