A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік шара

«Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік шара

«Адамның бар қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім», – деп Абай атамыз айтпақшы, балалар мейрамын тойлау, балаларға көңілді күй сыйлау ата-ана мен болашақ ұрпаққа мейіріммен қарайтын біздердің міндетіміз. Осындай айтулы мерекеде Медеу аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін №2 бөлімшесі балалармерекесіне орай, 2019 жылдың 5 маусымында «Достық» мейрамханасында «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараға Алматы қаласы бойынша Еңбек, Әлеуметтік Қорғау және көші-қон комитетінің департаменті басшысының міндетін атқарушы Г. Құсманова, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы корпоративтік басқару бөлімінің басшысы Г.Ералиева,   Медеу ауданы әкімінің орынбасары А. Нұрлыбаев, Түрксіб аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы Е.Байқоныс, Т.Рысқұлов атындағы университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы К.Әбенова, «Шұғыла» қоғамдық қорының өкілі Әлібек мырза, «Азамат әлеуеті» қоғамдық қорының өкілі, Қытай авиакомпаниясының басшысы, сондай-ақ жеке демеушілер және мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналар құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Сөз алған қонақтар балаларды мерекелерімен құттықтап, тілектерін айтып, көтеріңкі көңіл-күй тілеп, демеушілерге алғыс хаттарын беріп, балаларға деген арнайы сыйлықтарын үлестірді.

Балалардың құрметіне арнайы мерекелік дастархан да жайылды. «Кудесники» аниматорлық топ балаларға шоу көрсетіп, барынша көңілдерін көтеруге тырысты. Мерекелік іс-шараға балаларымыз да құр қол келмепті, Қадырбекұлы Мұхаммед өзінің дайындап келген өлең жолдарын оқып, кеш қонақтарын тәнті етті. Шара соңында ата-аналар кеш ұйымдастырушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Сонымен қатар, балалардың өз қолдарымен жасаған қолөнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.

05.06.2019