A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауданда Наурыз мерекесі тойланды

2017 жылы 22 наурызда Республика сарайы алдындағы Абай алаңы алдында Наурыз мерекесі тойланды.

Шара барысында Медеу ауданының әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаев Медеу ауданының тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.

5000 мыңға жуық адамның қатысуымен өткен мерекелік іс-шарада 15 қазақ үйден құралған қазақ ауылы бой көтеріп, тұрғындарға наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық ас мәзірлері таратылды. Қолөнер шеберлерінің көрмесі көрсетілді.     

 Сонымен қатар, мерекелік іс-шара қонақтарына   «Төрлет, төріме, әз-Наурыз!» атты мерекелік концерт тарту етілді. Концертте

Н.Тілендиев атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі «Отырар сазы» мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, «Наурызнама» атты театрландырылған қойылым қойылды.

 Ұлттық спорт түрлерінен «қазақша күрес», «асық ату», «арқан тартыс», «қол күрес», «ләңгі» және т.б. жарыстар ұйымдастырылды.


24.03.2017