A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады

   2017 жылы 3 мамырда № 12 мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына байланысты, Медеу ауданы әкімінің аппараты мен «Сбербанк России» ұжымының бірлесуімен аудандағы ҰОС ардагерлерін құттықтау шарасы өткізілді. Салтанатты мерекені Медеу аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ким Серікбайұлы Серікбаев ашып, ардагерлерді мерекелерімен құттықтады.

    Мерекелік іс-шараны Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Майлыбаев жалғастырып, Отан үшін от кешкен ардагерлерге зор денсаулық пен амандықтарын тіледі.

     Сондай-ақ, «Сбербанк России» ұжымы 100 ардагерге 20 мың теңгеден қаржылай сыйлық табыс етті.

     Іс-шара барысында № 12 мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. №12 мектеп-гимназиясының ұжымы мерекелік көңіл-күймен шыққан ардагерлерді құрметпен жайылған дастарханға шақырды. 


03.05.2017