A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Анаға деген махаббат» атты мерекелік іс-шара

2017 жылы 3 наурызда №168 мектепте Медеу ауданы әкім аппараты мен аудандағы Ерікті мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен Алғыс айту күні мен Халықаралық әйелдер күні мерекелеріне орай, «Анаға деген махаббат» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға аудандағы аналар, мүмкіндігі шектеулі балалар мен №168 мектептің оқушылары қатысты.

 Мерекелік концертті Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.А.Майлыбаев ашты. Ол барлық қатысушы аналарды аудан әкімі Е.Жылқыбаевтың атынан құттықтап, оларға мықты денсаулық пен бақыт тіледі.

Шара барысында №168 мектептің оқушылары балаларға өздері дайындаған сыйларын тарту етсе, Медеу ауданы әкімінің аппараты аналар мен балаларға сыйлықтарын тапсырды.

Көрермендер балалардың таланты мен күш-жігерлерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, осындай тамаша көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.  

03.03.2017