A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Әмірханова Роза Тагирқызын 100 жасқа толу мерейтойымен құттықтады


2016 жылдың 21 шілдеде Медеу ауданының әкімі Е.Ж. Жылқыбаевтың атынан әлеуметтік сала бөлімінің қызметкерлері Әмірханова Роза Тагирқызын 100 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.

Мерейтой иесі тың және өзін өте жақсы сезінеді. Ол соғыс жылдары кезіндегі басынан өткерген қиын балалық шағы туралы және атқарған еңбегі туралы естеліктерімен бөлісіп, әңгіме айтты. Экономикалық техникумды бітіріп, еңбек жолында 25 жасында аудандық банк бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарған. Роза Тагирқызы 63 жасқа дейін қызмет атқарып, барлық еңбек жолын экономика саласына арнаған.

Роза апа жұбайымен бірге 2 ұл және 2 қыз тәрбиелеген. Жұбайы бірнеше жыл бұрын дүние салған. Роза Тагирқызы қазіргі уақытта өз перзенттері мен немере, шөбере-шөпшектерінің ортасында олардың махаббатына бөленген бақытты ана. Хал-жағдайын сұрап қонаққа келген адамдарды қуана қарсы алады.

Роза Тагирқызы 4 тілді меңгеріп, қазіргі уақытта қазақ, араб, татар және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Сонымен қатар, қасиетті Құранның сүрелерін жатқа біледі.

Кездесу соңында мерейтой иесі туған күнімен құттықтап келушілерге батасын беріп, разылығын білдірді.


21.07.2016