2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Cоғыс ардагері Иван Булынинді 95 жасқа толуымен құттықтадық

Құрметті достар!

Өткен аптада біз соғыс ардагері Иван Булынинді 95 жасқа толуымен құттықтадық. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев және аудан әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев ардагердің үйіне барып, ахуалын біліп, әкімнің атынан құттықтау хатын табыстады.

Иван Анисимовичтің өмірбаяны Отанға адал қызмет етудің тамаша үлгісі десек те болады. Ол екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыстың каһарлы жылдарында Қиыршығыс аймағында майданда ерлікпен шайқасты. Оған дәлел, батырдың кеудесіндегі «Отан соғысының I-II-ші дәрежелі» және «Қызыл жұлдыз» ордендері мен «Батылдық үшін» медалі.

Сонымен қатар, Иван Булынин ұзақ жылдар бойы С.Киров атындағы зауытта еңбек етіп, ең жоғарғы марапат В.И.Ленин Ордені мен Социалистік еңбек ерінің Алтын жұлдызын иемденді.

Биыл Жеңістің 75 жылдығы атап өтіледі. Сондықтан, ардагерлерді ардақтап, олардың ерлігін ұмытпау біздің борышымыз. Олардың ерен еңбегі біздер үшін өнеге.
——————-
13.01.2020