A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы Отан соғысының ардагерін 95 жасқа толуымен құттықтады

     2017 жылы 2 мамырда аудан тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Изатов Али Изатұлы   95 жасқа толды.

       Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Айдос Нұрлыбаев ардагерді 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Али Изатұлы көңіл бөліп, құттықтағандары үшін алғысын білдірді.

     Ким Серікбайұлы Серікбаев ардагерге денінің саулығын мен жақсылық тілей отырып, сыйлық тапсырды.

            Изатов Али Изатұлы 1922 жылы 2 мамырда Семей облысы Шұбартау ауданында шаруа отбасында дүниеге келген. 1941 жылы 10-сыныпты бітіріп, Кеңес Армиясы қатарына алынып, қазақ атқыштар бригадасында болды. Ол ҰОС ардагері.

      Ол ерен ерлігі мен еңбегіне қарай, І және ІІ дәрежедегі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз», «Халықтар достығы», ІІ дәрежедегі «Айбын» ордендерімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған. 


02.05.2017