A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан мектептеріндегі соңғы қоңырау

Аудан мектептеріндегі соңғы қоңырау

2018 жылдың 25 мамыр күні  аудан мектептерінде мерекелік салтанатты жиын  өткізілді. Аудандағы жоғары сынып оқушыларына оқу жылының аяқталғанын білдіретін Соңғы қоңырау соғылды. Оқушылар бұл күнді асыға күтеді, өйткені олар 3 ай бойы  сыныпты, отырған партасын, мұғалімдерді ұмытып, сүйікті істерімен айналысуына және табиғатқа шығып демалуларына мүмкіндік туады.


   Мұғалімдердің еңбектеріне алғыс сөздерімен қатар, құттықтау тілектер де айтылды. Бағдарлама барысында  мерекелік концерттер қойылды, өлең түріндегі құттықтаулар оқылды және қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші сынып оқушысы мен бітіруші түлек  мектеп қоңырауын соқты.


   Әдемі киінген бітіруші түлектер мектеп вальсін биледі, сүйікті мұғалімдеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ, әрбір түлек Соңғы қоңыраудың үнін жаңа өмірдің символы ретінде өз есінде сақтап қалады.  


25.05.2018