A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасының жеңімпазы

  2017 жылдың 15 наурызында «Сардар»қалалық кешенді  олимпиадасы өтті. Олимпиаданы Алматы қаласы Білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментпен бірлесіп өткізді.

М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің 11 «Б» сынып оқушысы Дмитрий Бородулин Медеу ауданында құрметті І орынды және қалалық турда ІІ орынды иеленді. Сәуір айында Дмитрий «Сардар» кешенді олимпиадасының Республикалық турында Алматы қаласының намысын қорғайды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті әскери білімнің беделін көтеруді насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еліміздің және шетелдің жоғары әскери оқу орындарында оқу үшін дайындығы жақсы кандидаттарды анықтау болып табылады.

Кешенді олимпиада төмендегі пәндер бойынша өткізілді: математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі.

Дмитрий Бородулин өте жақсы нәтиже көрсетіп, лицейде әскери-патриоттық тәрбиенің жоғары деңгейде жолға қойылғанын дәлелдеп берді.

Мектепте «Ұлан» әскери-патриоттық клубына бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Сүлейменов Айдын Айдабосынұлы жетекшілік етеді. Ол жыл сайын «Ұлан» және «Алау» әскери-спорт жарыстарының Республикалық, Халықаралық, қалалық және аудандық жеңімпаздарын дайындап келеді.  


30.03.2017