A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Renion Park» қонақ үйінің ашылу салтанаты

«Renion Park» қонақ үйінің ашылу салтанаты

    2018 жылы 15 ақпанда Қонаев көшесі, 66 үйде «Даму» қорының қаражаттандыруымен салынған «Renion Park» қонақ үйінің салтанатты ашылуы болып өтті.

Қонақ үйді Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев пен Алматы қаласы Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту басқармасының басшысы Мақсат Кәкімов ашып, қызыл лентаны қиды. Жаңа қонақ үйдің ашылу салтанатына аудандағы кіші және орта бизнес өкілдері мен қала қонақтары қатысты.


Аудан басшысы Ержан Жылқыбаев қонақ үйдің қонақтарға тұруға арналған ережелерімен, сондай-ақ мейрамхана, жатын орындарын аралап танысып шықты.

«Қазіргі таңда Алматы қаласында қонақ үйлер саны артып келеді. Қалада аты аңызға айналған «Қазақстан» қонақ үйі құрамына кіретін 37 нысан бар. Аудан бойынша нөмірлік қор 2500 бөлмені құрайды. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында әлемдік брендтегі «Кемпинский» және «Новотель» сияқты қонақ үйлердің ашылуы жоспарланып отыр. Бұл нысандардың құрылысына 19 млрд. теңге инвестицияланды», - деп атап көрсетті Ержан Жылқыбаев.


     Қонақ үй 90 нөмірлі және қонақ үйде конференц-зал, мейрамхана, фитнес жаттығу залы, сауна мен хауыз да бар. Сонымен қатар, мұнда 20 жұмыс орны ашылып отыр.




15.02.2018