A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Рани» балабақшасы ашылды

«Рани»  балабақшасы ашылды

2018 жылдың 9 қарашасында Думан ықшам ауданы, Жиренше көшесі, 75а үйде орналасқан «Рани» жекеменшік балабақшасының салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаның жобалық қуаты – 50 орын, жаңа құрылған жұмыс орыны- 12. Инвесторы – бас директор Құдайбергенова Сұлушаш Қасқырбайқызы.

Балабақшаның ашылу салтанатына Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ақайша Сапарова, ата-аналар мен тәрбиеленушілер қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты - Медеу ауданының аумағында мемлекеттік емес меншіктегі жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы.

Қазіргі уақытта ауданда 18 мемлекеттік балабақша, 48 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 27 шағын орталықтар, соның ішінде 7 121 бала тәрбие алып жатыр.

Жыл басынан бері медеу ауданы әкім аппаратының бастамасымен 300 орынға, инвестиция сомасы 110 млн. теңге, жұмыс орны 95 болатын 12 балабақша ашылды.

Есеп бойынша «Рани» балабақшасы 50 балаға арналған 13-ші балабақша болып табылады. Бұл бақша қазақ тілінде дәріс береді. Сондай-ақ, мұнда ағылшын тілінде дәріс беріліп, ата-аналар хореограф пен логопед мамандарының қызметін пайдаланатын болады.

         2018 жылдың аяғына жеке инвесторлар есебінен тағы 7 балабақша ашу жоспарланып отыр.

09.11.2018