A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Britannica» балабақшасы ашылды

«Britannica»  балабақшасы ашылды

2018 жылы 24 мамырда Қыз Жібек көшесі, 71 үйде орналасқан «Britannica» балабақшасының салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаның жобалық қуаты – 30 орын, инвестиция салымы 10 млн. теңге, жаңа құрылған жұмыс орыны- 12.

Балабақшаның ашылу салтанатына Медеу ауданы әкімінің аппаратының өкілдері, ата-аналар мен тәрбиеленушілер қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты - Медеу ауданының аумағында мемлекеттік емес меншіктегі жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы.

Қазіргі уақытта ауданда 18 мемлекеттік балабақша, 2-ден 7 жасқа дейінгі 50 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 15 шағын орталықтар соның ішінде 6 941 бала тәрбие алып жатыр.

         Есеп бойынша «Britannica» балабақшасы 30 балаға есептеліп, ашылған 6-шы балабақша. Аталған бақша аралас қазақ тілі мен орыс тілдерінде білім береді. Қосымша ағылшын тілінен балаларға дәріс беріледі және «Айкидо» спорттық секциясымен қатар, хореограф қызметін де пайдалана алады.

         2018 жылдың аяғына жеке инвесторлар есебінен тағы 13 балабақша ашылмақ.

24.05.2018