A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

"Айсұлтан" балабақшаcының ашылуы

"Айсұлтан" жекеменшік балабақшаcының ашылуы

    2017 жылы 21 желтоқсанда Бөгенбай батыр көшесі, 45 мекен-жайында заман талаптарына сəйкес жабдықталған 45 орындық, инвестиция сомасы 5 млн. теңгені құрайтын, 7 жаңа жұмыс орнынан тұратын "Айсұлтан" балабақшаcының салтанатты ашылуы болып өтті.

    Салтанатты жиынға Медеу ауданының әкім орынбасары Ғ.Майлыбаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Сапарова және қонақтар мен ата-аналар қатысты.

   Шара барысында әкім орынбасары Ғани Майлыбаев ата-аналар мен бүлдіршіндерді жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтады.

    «Бүгінгі күні Медеу ауданында 2 жас пен 7 жас аралығындағы балаларға арналған 18 мемлекеттік, 49 жекеменшік балабақша жұмыс жасап отыр. Ауданда 3 жас пен 6 жасқа дейінгі 2 074 балаға орын тапшылығы білінуде. Осыған байланысты, ауданда 351 орындық 9 жекеменшік бала бақша және 105 орынға 6 шағын-орталықтар ашылған болатын. Құрылған жаңа жұмыс орны – 160 орынды құраса, инвестиция сомасы 277 млн. теңгені құрады», - деп көрсетті Ғ.Майлыбаев.

  Сондай-ақ, жиын соңында бүлдіршіндер ән салып, би биледі.



21.12.2017