A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұз айдынының салтанатты ашылуы

Мұз айдынының салтанатты ашылуы

2017 жылдың 14 желтоқсанда Мәдениет және демалыс орталық саябағындағы «Спартак» стадионында Медеу ауданы әкімінің аппараты және Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасымен мұз айдынының салтанатты ашылуы өткізілді.

Салтанатты ашылуда Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев сөз алды. «Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. «Рухани жаңғыру аясында Алматы қаласы әкімшілігінің бастамасымен қалада тегін мұз айдындары ашылуда. Мұның барлығы қала тұрғындары мен балаларды спортпен белсенді айналысуға тарту», - деді аудан басшысы.

Мұз айдынында спорт клубтарының жас хоккеисттері мастер-класпен шықса, жастар сырғанақ тепті. Сондай-ақ, түрлі киімдермен мұз айдынында аудандағы оқушылар үйінің қонақтары көзге түсті.

2017 жылдың 14 желтоқсаннан бастап 2018 жылдың 1 наурызға дейін «Спартак» стадионында Медеу ауданының тұрғындары үшін тегін мұз айдыны ұйымдастырылады.

Мұз айдынының қуаты сағатына 200 адамға дейін, ал тәулігіне 1000 адамға дейін қабылдай алады. Конькиді жалға алудың құны - 600 теңге.

14.12.2017