A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ұлт тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шара

«Ұлт тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шара

1 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстан халқы үшін айырықша мереке. Бұл күн - әлем тарихында тәуелсіз Қазақ елінің іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген Елбасының халық алдындағы ұшан-теңіз еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде белгіленген Тұңғыш Президент күні.

2017 жылдың 29 қарашасында Оқушылар сарайының үлкен концерт      залында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай«Ұлт тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара аясында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне арналған қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара қатысушыларына қазақстандық эстрада жұлдыздары мен аудандық өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Ержан Жылқыбаев еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, денсаулық сақтау, күш құрылымдарының қызметкерлері, аудандық ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындардың өкілдеріне мақтау қағаздарын тапсырды.

29.11.2017