A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Колледждер арасында параспартакиада өтті

2017 жылдың  28 сәуірінде Орталықазия техника-экономикалық колледжінде Алматы қалалық білім басқармасы, Медеу ауданы әкімшілігі және Алматы қалалық колледждер ассоциациясының қолдауымен Қазақстан халықтар бірлігі күніне арналған Алматы қаласындағы  5 колледждің білім алушылары арасында параспартакиада өтті.

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған (ТҚА), есту қабілеті төмен және жалпы аурулармен ауратын мүмкіндігі шектеулі 63 студент спорттың 8 түрі (дартс, үстел теннисі, қол күрес, шашка, шалқалап жатып денені көтеру, қақпаға ұру, асық ату, тымақ ұру) бойынша қатысты.

Сондай-ақ, қатысушыларды шараның салтанатты ашылуымен аудан әкімінің орынбасары Ғ.Майлыбаев құттықтап, жарыста жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.

Спартакиаданың мақсаты – дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдану, дене шынықтыру арқылы денсаулықты жаппай сауықтантыруды жақсарту және колледждерде білім алушылар денсаулығын жақсарту.



28.04.2017