A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы

2018 жылы 31 шілде күні Медеу ауданының ішкі істер басқармасының ювеналды полиция бөлімшесі «Көк базар» және Орталық мешіт аумағында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Медеу ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы, білім бөлімімен бірлесе отырып, «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты, жазғы мектеп демалысы кезінде кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту және балалар еңбегін қанауды анықтау болды.

Іс-шара барысында жеке куәліксіз және сәйкесінше алынған ата-аналарының рұқсатынсыз жұмыс істеп жүрген кәмелетке толмағандар анықталды.

Кәмелетке толмағандардың жеке тұлғасын анықтау үшін ата-аналары шақыртылды. Медеу ауданы ІІБ-ның ЮПБ инспекторларымен ата-аналарға түсіндіру түріндегі жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара жазғы демалыста жалғасын табады.


31.07.2018