A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандық Ардагерлер кеңесі президиумының кезекті отырысы

Аудандық Ардагерлер кеңесі президиумының кезекті отырысы

   2017 жылы 28 желтоқсанда  Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Аудандық Ардагерлер кеңесі президиумының отырысы өтті. Кеңеске Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Серікбаев және Ардагерлер кеңесінің белсенділері қатысты.

     Кеңес барысында 2017 жылы зейнеткерлерді әлеуметтік-құқықтық қолдау бойынша жұмыстардың қорытындысы және Ардагерлер кеңесінің қоғамдық жұмыстары мен басқа да мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, отырыста Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары В.Соболев пен әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары бойынша комиссияның төрайымы Р.Кунирова сөз алып, баяндама жасады.

   "Аудандық округтік және алғашқы кеңестердің жұмысы қарттардың қажеттілігін қанағаттандыруға, олардың белсенді өмір сүруіне жағдай жасау, қоғамға, өмірге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталып отыр», - деп атап көрсетті Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары В.Соболев.

     Кеңесті қортындылай келе президиумда қоғамдық комиссияға жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, жаппай мәдени, әлеуметтік қорғау, медицина жағынан алғашқы және округтік ұйымдарға көмек беруді жандандыру және де басқа да мәселелер бойынша бірауыздан мақұлдады.



28.12.2017