A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Елбасы Жолдауы – отандық агроөнеркәсіп кешеніне жаңа серпін берді

Елбасы Жолдауы – отандық агроөнеркәсіп кешеніне жаңа серпін берді

Ағымдағы  жылдың 11 қаңтар күні Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің  Мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан Халқына Жолдауын талқылауға байланысты оқу орны ұжымының жалпы жиыны өтті.
Жолдауды түсіндіруге және онда жүктелген жаңа міндеттер сараланған жиынға Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студент жастары, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, көрнекті ғалымдар, журналистер қатысты.
Жалпы жиналыс мәжілісін университет ректоры, ҰҒА академигі Тілектес Есполов кіріспе сөзбен ашып, Елбасы тапсырмаларын тиімді іске асыру бағыттарын қамтыған кең көлемді баяндама жасады. Ректор өз сөзінде Жолдаудағы 10 басымдықтың үшіншісінде Мемлекет басшысы «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» деп айрықша атап өткеніне кеңінен тоқталды.
Жиында сондай-ақ, Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, көрнекті тарихшы ғалым, академик Хангелді Әбжанов және Галина Ксенжик, Сағымбай Қалдыбаев, Әділхан Самбетбаев, Серік Бекбосынов, Еркін Касымов сынды аграрлық саланың білікті ғалымдары сөз сөйлеп, биылғы Жолдауда еліміздің ауылшаруашылығы саласына ерекше мән берілгенін атап өтіп, аграрлық білім мен ғылымды инновациялық бағытта дамыту бойынша өз ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
Әлемдік экономикадағы технологиялық үрдістерден қалыспай, жаңа экономикалық революцияға бет бұруға үндеген жаңа Жолдауда айтылған ірі міндеттердің, тың  идеялар мен нақты тапсырмалардың жүзеге асуына атсалысу әрбір қазақстандықтың міндеті. Аталған шара Мемлекет басшысы айқындаған міндеттемелер мен нақты тапсырмаларды сарапқа салып, университет ұжымы мен студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында қолға алынды.



11.01.2018