A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шырша

Бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шырша

2017 жылы 25 желтоқсанда Оқушылар сарайында Медеу ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Медеу ауданы әкімі Ержан Жылқыбаевтың «Жаңа жыл. Перегрузка» атты қойылымына 1000-ға жуық әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балалары, жетім балалар, сондай-ақ оқу озаттары шақырылды.

    Аудан әкімінің шыршасына қатысқан кішкентай қонақтар Аяз ата және Ақшақармен бірге ән салып, би биледі. Балаларды мерекелік концерт пен Дракулаура, Клео, Симки, Алладин, Жасмин, Тор, Етікті мысық, Енот, Қар қыз, сондай-ақ басқа да көптеген ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрланған қойылым күтіп тұрды.

    Бұл мерекеде аудан әкімі Ержан Жылқыбаев Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалармен бірге салтанатты түрде Жаңа жылдық шыршаның шамын жақты. Мерекелік шара аясында балалар ертегі кейіпкерлерімен шыршаны айналып, сондай-ақ аудан әкімінің қолынан жаңа жылдық сыйлықтар алды. Бұл күні барлық қатысушылар тәтті сыйлықтар алды және өздерімен бірге тамаша көңіл-күйді ала қайтты.




25.12.2017