2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіндерге арналған аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы

Бүлдіршіндерге арналған аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы

 Жаңа жыл әсіресе балалар үшін ең керемет таңғажайып мереке болып саналады.

Медеу ауданында жыл сайын Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында ауданның кішкентай тұрғындарына арнап, аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасын ұйымдастыру игі дәстүрге айналған.

        2016 жылы 23 желтоқсанда Оқушылар сарайында Медеу ауданы әкімінің «Жаңа жылдық шыршаның таңғажайыбы мен сиқыры» атты жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік қойылымға аудандағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балалары, жетім балалар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.

      Кішкентай қонақтарды Жаңа жылдық шырша маңында Аяз ата мен Ақшақар және сүйікті ертегілердің кейіпкерлері: Алдар Көсе, Дракулаура, Клео, Симка,  Алладин, Қар қыз қуана қарсы алды.

    Шара барысында бүлдіршіндерді аудан әкімі Ержан Жылқыбаев құттықтап, ортаға шықты. «Біздің мемлекетіміздің мақтанышы - білімді, жүректері өз Отанына деген сүйіспеншілікке толы сендер сияқты жас ұландар. Тек нағыз патриоттар ғана Қазақстанды одан әрі гүлдендіріп, дамытып, әлемдегі абырой - беделін арттыра түседі. Сон­дық­тан оқуда озат, тәрбиелі болып, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабі­летті білім алуларыңа тілектеспін»,- деген аудан әкімі балалармен бірге Жаңа жылдық шыршаның шамын жақты.     

     Салтанатты шарада шыршаны айналып жаңа жылдық оқиғалар көрсетіліп, ән шырқалды және би биленді, қызықты ойындар ойналды. Мультфильмдер мен фильм кейіпкерлері балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

    Бұл күні жаңа жылдық шыршаға жиналған аудандағы 1000-ға жуық барлық кішкентай қонақтар тәтті сыйлықтар алып, өздерімен бірге тамаша көңіл-күйді ала қайтты.  


23.12.2016