A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Медеу ауданы әкімінің «Жаңа жылдық шыршаның таңғажайыбы мен сиқыры» атты жаңа жылдық шыршасы
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы әкімінің «Жаңа жылдық шыршаның таңғажайыбы мен сиқыры» атты жаңа жылдық шыршасы

Медеу ауданы әкімінің «Жаңа жылдық шыршаның таңғажайыбы мен сиқыры» атты жаңа жылдық шыршасы

Жаңа жыл – барлық адамдар жақсы көретін, әсіресе балалар үшін ең керемет таңғажайып мереке болып саналады.

Алматы қаласының Медеу ауданында жыл сайын Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында ауданның кішкентай тұрғындарына арнап аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасын ұйымдастыру игі дәстүрге айналған.

2018 жылы 25 желтоқсанда Оқушылар сарайында Медеу ауданы әкімінің «Жаңа жылдық шыршаның таңғажайыбы мен сиқыры» атты жаңа жылдық шыршасы өтті. Бұл шырша тойына 600 жетім-балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалалы отбасылардан шыққан балалар мен дарынды бүлдіршіндер шақырылды.

Мерекелік шарада бүлдіршіндерді аудан әкімі Ержан Жылқыбаев құттықтады. Аудан басшысы бүлдіршіндерге жаңа жылдық тілектерін білдіріп, балалармен бірге Жаңа жылдық шыршаның шамын жақты.


Аудан әкімінің шыршасына қатысқан кішкентай қонақтар  Аяз Атамен және Ақшақармен бірге ән айтып, би биледі. Балаларға мерекелік концерт және Алдар Көсе, Дракулаура, Клео, Симка, Алладин, Қар қыз сынды ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылым көрсетілді. Шара соңында балалар тәтті сыйлықтар алып, өздерімен бірге тамаша көңіл-күйді ала қайтты.



25.12.2018