A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданының прокуроры тағайындалды

Медеу ауданының прокуроры тағайындалды

     2019 жылы 22 сәуірде Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев Медеу ауданының прокуроры Асхат Нұрсерікұлы Жақыповты таныстырды.

     Аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов Асхат Жақыповтың жаңа қызметіне табыс тіледі.

     А.Н.Жақыпов 1977 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша түлегі.

     Прокуратура органдарында еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласының прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

     Кейін Медеу, Жетісу аудандары прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры қызметтерін атқарған. Медеу және Түрксіб аудандары прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығының орынбасары болды.

     2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығы болып жұмыс істеді.  

     Прокуратура органдарында 18 жылдан астам еңбек өтілі бар. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.



22.04.2019