A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері марапатталды

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері марапатталды

 

2017 жылдың 4 тамызында  аудан әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 14 ақпанындағы № 419 және 2017 жылдың 23 маусымындағы № 504 Жарлығы бойынша Нұранова Тәжігүлді, Сапенова Данаяны, Ысқақова Жадыраны «Алтын алқа» және Абдурахманова Халидамды, Бейсекенова Айнұрды, Жандильдина Назгүлді, Қадірахынова Гүлнара, Мұқашева Альмира, Наджмуддин Бибіфатима, Панченко Нина, Омарова Гүлнара және Қарпықова Ләйланы «Күміс алқа» алқаларымен марапаттады.

Бүгінгі таңда Медеу ауданында 1468 көпбалалы отбасы, оның ішінде  «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері  533 адам тіркелген.  Іс шара барысында «Ахысқа» түрік ұлттық орталығы» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Қасымов  Қазақбай Таштемірұлы көпбалалы аналарды құттықтап, ерліктері үшін алғысын білдірді.

Шара соңында Медеу ауданының Көпбалалы жанұялар ұйымының  төрайымы Абланова Құралай Жылкелдіқызы  көпбалалы аналардың көптеген сұрақтарына өз құзіретіне сәйкес жауап берді.




04.08.2017