A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулері басталды

Медеу ауданы әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулері басталды

2018 жылы 16 қаңтарда Медеу ауданының әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаевтың 28 окург тұрғындарымен есептік кездесуі болып өтті.

    Кездесуге тұрғындар, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық орындар өкілдері, зейнеткерлер, ардагерлер, қалалық және аудандық қызметтердің өкілдері қатысты.

    Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев №28 округ тұрғындары алдында 2017 жылдың аудандағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен 2018 жылдың жоспарлары жөнінде, елімізде өткен реформаларды жүзеге асыру және Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндама жасады.   

    Сонымен қатар, кездесу жиынында жергілікті полиция қызметінің басшысы Серік Байғожаев 2017 жылдың атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті.

    Баяндамадан кейін округ тұрғындары өтініш-тілектерін білдірді. Негізгі көтерілген мәселелер Оспанов көшесіндегі арық жүйесі, Алмалық көшесіне жол салу, Сұлусай елді мекеніне су құбырларын тарту және жолдарды тазалау, Байқоңыр көшесімен жүретін №5б автобус бағыты туралы болды. Бұл мәселелердің барлығы аудан басшысының жеке бақылауына алынды.

     Алдағы кездесулер 29, 30, 32 округтерде өтетін болады.


16.01.2018