A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы аумағында рейд жүргізілді

Медеу ауданы аумағында рейд жүргізілді

2017 жылы 5 тамызда өрт қауіптілігі мерзімі мен ауа райының күрт ысуына байланысты, орман өртінің алдын алу және демалушылар мен қала қонақтарының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында Медеу ауданы аумағында орналасқан тау шатқалдарындағы табиғаты қорғалатын аймақтарында аралау жұмыстары жүргізілді.

Рейдті Бутаковка шатқалы мен Кіші Алматы өзенінде Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі Медеу ауданы әкім аппараты және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе жүргізді. Рейд кезінде қызметкерлер арнайы дауыс зорайтқыш байланыс техникасын пайдаланды.

Сондай-ақ, жазатайым оқиғалар мен жарақаттанушылықтың алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақтау және мастық күйдегі тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізді.

         Ағымдағы жыл басынан бері 1 маусым мен 31 шілде аралығында рейдтер жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі бойынша 1500 ескертпелер мен брошюрлер таратылды. Жергілікті полиция қызметкерлерімен 120 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, 2000-ға жуық демалушымен осы орындарда шомылуға тыйым салынғаны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

10.08.2017