A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандық Ішкі істер басқармасында кеңес өтті

   2017 жылы 16 наурызда Медеу аудандық Ішкі істер басқармасында Медеу ауданы әкімі Е.Ж.Жылқыбаевтың төрағалық етуімен кеңес болып өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 2016 жылдың қорытындысы бойынша Медеу ауданы аумағында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз ету және 2017 жылға қойылған міндеттер.

    Кеңеске АІІБ басшысы Е.Ысқақов, «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Халбеков және жергілікті полиция қызметі, ювенальді полиция бөлімі мен көші-қон полициясы бөлімінің басшылары қатысты.

    Кеңес барысында 2016 жылғы қорытынды бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары туралы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, белгіленбеген орындардағы сауда мен көріктендіруге байланысты және де  Медеу ауданы аумағындағы көші-қонды бақылауды жүзеге асыру бойынша баяндамалар тыңдалды.

     Кеңес қортындысы бойынша аудан әкімі 2017 жылға ауданда белгіленбеген орындардағы саудамен күрес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстар берді. 


16.03.2017