A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Денис Тенге ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда Денис Тенге ескерткіш тақта орнатылды

         2018 жылы 7 қарашада аты аңызға айналған мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне Назарбаев даңғылында орналасқан, өзі тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылды. Мемориалдық тақтаның ашылу рәсіміне спортшының туыстары мен жақындары, қала халқымен қала әкімшілігінің өкілдері, әріптестері, сонымен қатар Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева, Алматыдағы Ресей Бас консулы Евгений Бобров, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова қатысты.


         Денис Тен туралы өз естеліктерімен мәнерлеп сырғанаудан кеңестік және ресейлік жаттықтырушы, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова бөлісті. Салтанатты шара барысында спортшыға арналған ескерткіштің дизайнын жасау жұмыстары жүргізіліп жатқандығы, мәнерлеп сырғанаушыны еске алуға арналған бірқатар спорттық іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарланды. Тақтаның ашылу салтанатынан кейін "Халық Арена" мұз айдынында орналасқан Денис Тен қоры кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті. Қор Денис Теннің жобаларын жүзеге асыруды жалғастырады.


07.11.2018