A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Медеу ауданы жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты

   2018 жылы 21 сәуір күні Алматы қаласында көшелердің, аулалардың, қоғамдық орындардың, арық жүйелерінің, көгалдар мен жасыл желектердің, сондай-ақ су қоймалары мен өзен жағалауларының санитарлық тазалығы бойынша жалпықалалық сенбілік өтті.

    Сенбілікке аудан тұрғындары, ұйымдар мен бизнес өкілдері, студент жастар, мектеп оқушылары мен ауданның коммуналдық қызметтері белсене қатысты.


    Іс-шараға 17 359-ға жуық адам қамтылды. Коммуналдық қызметтердің көмегімен Шевченко-Достық, Шашкин-Аль-Фараби, Фурманов-Бөгенбай батыр, Зенков, Құрманғазы-Төле би, Қабанбай батыр-Гоголь-Жібек жолы, Мақатаев, Мәметова, Абай, Сатпаев-Райымбек даңғылдары мен көшелері, Құлжа тас жолы, «Думан», «Алатау» ықшам аудандарының 8300 ш/м арық жүйелері тазартылып, 201 ағаш отырғызылды.


     Аудандағы бақтар мен саябақтарды ЖОО мен АООО-ның студенттері тазартты. Бұл күні Жарбұлақ, Солонка, Кіші Алматы және Тіксай өзендерінің жағалауларындағы қоқыстар алынды.    

     Аудандағы «Алматытазалық» ҚМК, «Тазалық Сити» ЖШС, «Қала көркейту» ЖШС, «АБС-ЛДСтрой» ЖШС, «Алматы Коммунал Сервис» ЖШС, «Тәртіп» АҚ коммуналдық қызметтері 144 бірлік техниканың шығуына ықпал етті.


    Сенбіліктің нәтижесінде Медеу ауданының аумағынан 2400 метр куб қоқыс шығарылды. Бұл күні ауданды көріктендіру мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды.


21.04.2018