A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Медеу ауданы жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты

  2017 жылы 15 сәуірде Алматы қаласында көшелердің, аулалардың, қоғамдық орындардың, арық жүйелерінің, көгалдар мен жасыл желектердің, сондай-ақ су қоймалары мен өзендер жағалауларының санитарлық тазалығы  бойынша жалпықалалық сенбілік  өткені бәрімізге белгілі. Сенбілікке аудан тұрғындары, ұйымдар мен бизнес өкілдері, студент жастар, мектеп оқушылары мен ауданның коммуналдық қызметтері белсене қатысты.

    Іс-шараға 17453-ке жуық адам қатысты. Коммуналдық қызметтердің көмегімен  Фурманов, Абай, Сатпаев, Достық, Гоголь және басқа көшелердің 7500 ш/м арық жүйелері тазартылды.  221 қалқан жапырақты ағаштар отырғызылды.

     Тиісті аймақтарды Медеу ауданындағы ұйымдар мен әлеуметтік нысандардың өкілдері тазалады. Аудандағы бақтар мен саябақтарды ЖОО мен АООО-ның студенттері тазартты. Бұл күні Кіші Алматы, Жарбұлақ, Солонка және Тіксай өзендерінің жағалауларының қоқыстары алынды.    

     Аудандағы  «Алматытазалық» ҚМК, «Алматы Коммунал Сервис» ЖШС, АБС-ЛДСтрой», «КОГ №3» БҚ, «Қала Көркейту» ЖШС коммуналдық қызметтері 104 бірлік техниканың шығуына ықпал етті.

    Медеу ауданының аумағынан 590 а/м3 қоқыс шығарылды.

    Аудан тұрғындары да шет қалмай өз аулаларын тәртіпке келтірді. Өз аулаларына жас ағаштар отырғызып және гүлдер екті, шарбақтарын ақтап, сырлап шықты. 


15.04.2017