
Оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында лекция
Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптасыруға бағытталған жұмыстарды белсендіру мақсатында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабы және қалалық наркологиялық орталық бірлесе, оқу орындарында лекция жүргізу кестелері жасалған болатын.
Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес, 2018 жылы 9 қазанында №35 жалпы білім беретін мектептерде дәрігер-наркологтармен 8 және 9 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында лекция жүргізілді.
Іс-шара барысында адам ағзасына есірткінің зияны туралы деректі фильм көрсетіліп, есірткінің адам ағзасына зияны туралы парақшалар таратылды. Лекция соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.