A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әйелдердің отбасыда және бизнестегі жетістігі» атты дөңгелек үстел

«Әйелдердің отбасыда және бизнестегі жетістігі» атты дөңгелек үстел

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясында көрсетілгендей «Әйел – отбасының тірегі, сондықтан – мемлекеттің тірегі. Әйелдер әрдайым біздің қоғамымыздың тең құқылы мүшесі, ал ана – оның ең құрметті тұлғасы болып табылады». Мемлекеттің саяси өмірінде тұрғындардың барлық топтары мен қауымының тең құқылы және тең мүмкіндікте қатысуын қамтамасыз ету – құқылы мемлекетті құрудың қажетті алдыңғы жағдайы және шарты.

Осыған орай, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.А. Майлыбаевтың төрағалығымен 2018 жылдың 4 желтоқсан күні «Жұлдыз» мейрамханасында «Әйелдердің отбасыда және бизнестегі жетістігі» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы Тоғызбаева Назира Асылбекқызы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшелері – «Алматы кілем» ЖШС директоры Абсаметова Роза Әзімбекқызы, «Гүлден Сауда» АҚ бас директоры Сағымбекова Майра Мәжитқызы, «Жұлдыз» ЖШС директоры Сүлейменова Сәуле Ғаниқызы, «Құрмет» орденінің иегері Летникова Клара Артемовна, «Adanaz» ЖШС директоры Жандай Сана Шайханқызының қатысуымен өтті.

04.12.2018