A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жыл әжесі-2018» байқауы

«Жыл әжесі-2018» байқауы

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты «белсенді ұзақ өмір» жол картасы аясында жыл сайын атап өтілетін қарттар айлығын өз дәрежесінде өткізуде.

Мысалы: «Мейрімділік пен сыйластық» күні атауымен, ардагерлер мен жалғызбасты қарт кісілердің үйіне студенттер мен бірге барып, концерттік бағдарлама көрсетті. «Қара жорға» және «Зумба» билерінің ырғағымен таңертеңгілік жаттығу жасауды күнделікті әдетке айналдырды.

Студенттері бірнеше зейнеткердің ауласын, үйін тазалап, терезесін т.б. жуып берді. Студенттері өз қаражаттарына бірнеше зейнеткерге азық-түлік себетін сыйлады.

Осы жоба Думан ықшамауданының №172 мектеп-гимназиясында жалғасын тапты.

2018 жылдың 9 қазаны күні Думан ықшам ауданында №172 мектеп-гимназиясы мен Медеу ауданы әкімдігі Қарттар айлығына орай «Жыл әжесі-2018» байқауын ұйымдастырды. Байқауда ауданның белсенді зейнеткерлері сайысқа түсті. Байқауға ауыл тұрғындары, ауданның зейнеткерлері, мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Белсенді ұзақ өмір сүруді мақсат еткен әжелер, 6 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Байқау барысында бұрынғы ұстаз, бүгінде дербес зейнеткер, ардақты ана, асыл әже Анаржан Ахметова жарыста жеңіске жетіп, «Жыл әжесі-2018» атағына ие болды.


11.10.2018