A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Комиссия балаларға мектеп формасын тапсырды

Комиссия балаларға мектеп формасын тапсырды

Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында Медеу ауданы әкімінің аппаратымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып отырады. Биылғы жылы акция «Менің таңдауым – балаларға көмек!» ұранымен өтуде.

         «Мектепке жол» акциясының мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары, жетім балалар, ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға қаржылай көмек көрсету.

Аталған акция аясында Алматы қаласы әкімшілігі жанындағы Медеу ауданы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер істері және оларды қорғау бойынша ведомоствоаралық комиссиясы Медеу аудандық ІІБ ювенальдық полиция бөлімімен бірлесе мектепке бармайтын балаларды анықтау үшін үй-үйді аралап, мектеп формасы мен оқуға қажетті құралдармен қайырымдылық көмекті қажет ететін әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылары балаларының тізімі жасалды.

Үй-үйді аралау барысында қолайсыз отбасылар анықталды: Дубровский және Дәулетовтер отбасы, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер: Ульяна мен Назар, Нұрдәулет пен Мақсат. Комиссия балаларға мектеп формасын тапсырды. Ол балалар биылғы жылы мектепке жіберіліп отыр.

Әр қайсысымыздың да әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының мектепке дайындығына, әр балаға көңіл бөлуге, оның мектепке барар жолын жақсы әрі бақытты болуына қолдан келер көмек қолын созуға азаматтық белсенділігімізді көрсетуімізге болады.

04.09.2017