A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Елбасының Жолдауы мен жаңа кітабын ҚазҰАУ белсенді студенттері Тұңғыш Президент кітапханасымен бірге онлайн-дөңгелек үстелде талқылады
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Елбасының Жолдауы мен жаңа кітабын ҚазҰАУ белсенді студенттері Тұңғыш Президент кітапханасымен бірге онлайн-дөңгелек үстелде талқылады

Елбасының Жолдауы мен жаңа кітабын ҚазҰАУ белсенді студенттері Тұңғыш Президент кітапханасымен бірге онлайн-дөңгелек үстелде талқылады

2018 жылдың 2-ақпан күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқу орнының белсенді студенттерінің қатысуымен Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен онлайн түрінде Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын таныстыру және Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Халыққа Жолдауын талдауға байланысты дөңгелек үстел өтті.

«Тәуелсіздік және жастар» тақырыбымен ұйымдастырылған шараны ҚазҰАУ тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Жанар Дауренбаева ашып, жүргізіп отырды.

Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Меруерт Мұқанова, «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы – Мәди Ахметов, ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі – Ханкелді Абжанов қатысып, Елбасының жаңа кітабы мен Жолдауына байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Жанар Абжанқызы өз сөзінде университетімізде биылғы Елбасы Жолдауын талқылауға байланысты бірнеше жиын өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында Жолдауды қолдау бағытында университет ғалымдары мен білім алушы жастардың пікірлері, университет ректоры, академик Тілектес Есполовтың «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде көлемді мақалалары жарық көргенін тілге тиек етіп, бүгінгі күні университеттің оқу корпустарында, студенттік үйлерде және факультеттерде Жолдауды талқылау жұмыстары бекітілген кесте бойынша студенттер арасында белсенді жүргізіліп отырғанын атып өтті. Бүгінгі шара, осы жүйелі істердің заңды жалғасы.

Дөңгелек үстел барысында Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Каипова онлайн-режимде байланысқа шығып, жиналғандарға Елбасы кітабы жайында толық мағлұмат берді. «Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Жаңа туындыда егемен мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Сондай-ақ, кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдарымен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген.» – деді Ботагөз Муттахиденқызы.

Пікірлесу жиынында сондай-ақ, ҚазҰАУ «Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Досалы Салқынбек, ҚазҰАУ Ғылыми кітапханасының қызметкерлері, «Ветеринария» факультеті деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, жас ғалым, PhD докторы Асылбек Мусоев, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті Жасұлан Мейірханұлы, «Агробиология» мамандығының студенті Айкен Әзімхан, «Ветеринария» мамандығының 2 курс студенті Әзімбай Нұрлыбек қатысып, өз тұжырымдарымен бөлісті.

Шараны қорытындылаған ҚазҰАУ тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Жанар Абжанқызы дөңгелек үстел барысында тақырыпқа орай пікір білдірушілердің мазмұнды баяндамалары мен терең ойтолғаулары олардың Елбасы кітабы мен Жолдауға деген зор қызығушылықтарын көрсеткенін ерекше атап өтті.

02.02.2018