A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жылжымайтын мүлікті дамыту» тақырыбында «Medeu Invest» инвестициялық форумы

«Жылжымайтын мүлікті дамыту» тақырыбында «Medeu Invest» инвестициялық форумы

    2017 жылы 7 қыркүйекте Қабылдау үйінде «Жылжымайтын мүлікті дамыту» тақырыбында «Medeu Invest» инвестициялық форумы болып өтті. Бұл іс-шара инвесторлар, кәсіпкерлер мен билік өкілдері арасындағы қарым-қатынас жағдайларын және жаңа ынтымақтастық жолдарын талқылау үшін тиімді іскерлік алаңы болмақ.

    Форумға Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Мәдиев, Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев, Медеу ауданындағы бизнес өкілдері мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдері, банк басшылары, жылжымайтын мүлік пен құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

    Форумды құттықтау сөзбен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев ашты. Ары қарай, Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев сөз алып, ауданның инвестициялық маңызды факторларына тоқталып өтті.

   «Жыл ауысқан сайын қаламыз жаңарып қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, жалпы барлық салаларда толайым табыстарға жетті. Осы орайда, Алматы қаласы Медеу ауданында инвестиция тарту бағытының басты басымдықтарын негізге алып, бүгінгі форумды ұйымдастырып отырмыз.Олай болса, ауданы 94 шаршы шақырымға жуық, 200 мыңдай халқы бар, дамудың даңғыл жолына түскен Медеу ауданының орны ерекше.

    Бүгінгі «Форум» біздің қаламыз үшін тұрақты түрде өтуітиіс міндет емес, өзекті қажеттілік.Сондықтанда баршаңызды форумның жұмысына белсенді қатысып өз үлестеріңізді қосуға шақырамын,» - деді аудан әкімі Ержан Жылқыбаев.

   Шара барысында іске асыру сатысында тұрған дамыту жобалары, дамыту жобаларын несиелеу шарттары, активтердің түрі ретінде кепілмен қамтамасыз етілген жер учаскелері, кеңсе кеңестігі жайлы инновациялық шешімдер талқыға салынды.

07.09.2017