2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тәуелсіздік тағлымы» атты фотокөрме ашылды

«Тәуелсіздік тағлымы» атты фотокөрме ашылды

      2016 жылдың 9 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі, «Bank «RBK» АҚ және «Қазақстан» ҰТРК Алматы қаласы әкімдігі мен Медеу ауданы әкім аппаратының қолдауымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағлымы» атты фотокөрме ашылды.

   Ашылу салтанатына Қақабаев Б.С.- ҚР МОМ директорының орынбасары,  Асылхан А. – «Фотоөнер» ҚБ директоры, Жанарбек Б.- суретші, «Фотоөнер» ҚБ оқу жөніндегі хатшысы, қала тұрғындары және басқалар қатысты.

    Фотокөрме Тәуелсіздік жылдарындағы отандық фотожурналистер мен тілшілердің баспа беттеріндегі қоғамда болған  оқиғалар мен еліміздің рухани өмірін таныстырып насихаттайды.

   Көрме екі кезең бойынша өтеді: І кезең 2016 жылдың 9-20 қараша  аралығында Алматы қаласы, ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайда, «Тәуелсіздіктің бесігі» (Н.Ә.Назарбаев), ІІ кезең Астана қаласында 2016 жылдың 6-31 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік Сарайында.

    Көрмеге Қазақстанның 25 жетекші фототілшілері мен фотокорреспонденттерінің 100-ге жуық фотожұмыстары қойылады, сондай-ақ Елбасының тұңғыш жеке фотографы – Иосиф Будневичтің, ҚР кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағат қорындағы «Қазақстан фотохроника королі» А. Устиненконың жұмыстары қойылған.

  Аталмыш көрме қоғамды ҚР Тәуелсіздік жылдарында отандық корреспонденттер мен журналистердің фотонысандарында бейнеленген еліміздің шынайы мемлкеттік, қоғамдық және рухани оқиғаларымен таныстырады. 

09.11.2016